Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Демалыс күндері ауа райы қандай болады? © Tengrinews.kz

Синоптиктер 2019 жылдың 13-15 сәуір аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктер 2019 жылдың 13-15 сәуір аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

"Республикамыздың солтүстігінде бір аптаға жуық жауын-шашынсыз және жылы ауа райымен байланысты болған антициклон құлдырайды. Оның орнына Орал аймағынан суық арктикалық фронттардың келуімен, жауын-шашын, жаңбыр, жылбысқы қар, ауа температурасының төмендеуі күтіледі", - делінген хабарламада. 

Синоптиктердің болжамы бойынша, алдағы демалыс күндері еліміздің оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс аймақтарында қысқа мерзімге жауын-шашынсыз, жылы ауа райы күтіледі. Бірақ дүйсенбі күні бұл аймақтарда да өткінші жаңбыр, найзағай және екпінді жел болады.

Жарнама
Жарнама
Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама