17 мамыр 2019 | 12:32

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

© Тұрар Қазанғапов

Синоптиктер 18-20 мамыр күндері ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Синоптиктер 18-20 мамыр күндері ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын жауады.

Реклама
Реклама

"Көпжылдық климаттық мәліметтер бойынша, 17-20 мамыр аралығында Қазақстанға Солтүстік Оралдан суық және ылғал ауа массаларының келуі жиі байқалады. Алдағы демалыс күндері Оралдан келетін суық атмосфералық фронттармен республиканың басым бөлігінде жаңбыр және температураның кезекті төмендеуі күтіледі. Сенбіде оңтүстікте, жексенбідн оңтүстік-шығыста, дүйсенбіде солтүстік және орталықта қатты жаңбыр болуы ықтимал. Ал батыс өңірлерге Ресейдің Еуропалық бөлігінен біртіндеп антициклон жылжиды, сондықтан мұнда жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы төмендейді", - дейді "Қазгидромет" өкілдері.

Мұның алдында синоптиктер бүгін еліміздің бірнеше өңірінде тұман түсіп, жел күшейетінін ескерткен еді.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная