ПОДЕЛИТЬСЯ
31 қаңтар 2020 | 13:33
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Синоптиктер 1-3 ақпан аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Синоптиктер 1-3 ақпан аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері ауа температурасы 13 градусқа дейін жоғарылайды.
"Қаңтар антициклонның түсуімен және онымен келген суытумен аяқталып жатыр. Бірақ бүгін Каспийде циклон қалыптасып, ол атмосфералық фронттармен оңтүстік-батыс тропосфералық ағындармен бірге алдағы тәулікте Қазақстанға ығыса бастайды. Циклон үлкен ылғал және жылу қорына ие, онда түнгі температура плюс 2…8 градус болды, ол республикадағы ауа температурасының күрт жоғарылауына алып келеді. Демалыс күндері оңтүстік және оңтүстік-шығыста күндіз плюс 3…13 градус, ал дүйсенбіде солтүстік, орталық және шығыс облыстарында 0…минус 8 градус болжанады", - деді "Қазгидромет" өкілдері.
Показать комментарии
Читайте также