ПОДЕЛИТЬСЯ
14 ақпан 2020 | 15:08
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Синоптиктер 15-17 ақпан аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Синоптиктер 15-17 ақпан аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, демалыс күндері еліміздің оңтүстігінде жауын-шашын жауады.
"Демалыс күндері Қазақстанның оңтүстік жартысында күн бұлтты, жауын-шашын, тұман, көктайғақ болады деп күтілуде. Мұндай ауа райы Орталық Азиядан ығысатын циклонмен байланысты болады. Ал республиканың солтүстік жартысында қардың жаууы, бұрқасын, күшті оңтүстік-батыс желі Ресейдің Еуропалық бөлігінен ығысатын атмосфералық фронттарды тудыратын болады. Ауа температурасының аздаған төмендеуі жексенбіде басталып, ақпан айының орташа көпжылдық мәніне жақын болады", - дейді "Қазгидромет" өкілдері.
Показать комментарии
Читайте также