ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 18 қыркүйек 2020 11:51
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
19-21 қыркүйек аралығында елімізде ауа райы жылы болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидрометке" сілтеме жасап.
"Алдағы үш күнде Қазақстан аумағының басым бөлігіндегі ауа райына антициклон әсер етеді. Оның келуімен жауын-шашын біртіндеп тоқтап, температураның көтерілуі күтіледі. Қазақстанның батысына Мәскеу аудандарынан циклон ықпал етеді. Ол жаңбыр, кей жерлерде нөсер, найзағай, екпінді жел, дауыл тудырады, бұршақ жаууы мүмкін", - делінген хабарламада.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу