Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Демалыс күндері ауа райы қандай болады? Фото: Tengrinews.kz/Турар Казангапов

Синоптиктер 10-12 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктер 10-12 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Метеорологтар мәліметі бойынша, Каспий теңізі аудандарынан келген циклон бүкіл республикадағы ауа райына әсер етеді. Осыған байланысты солтүстікте, орталықта және шығыста қатты жаңбыр жауып, найзағай, бұршақ, дауыл болып, екпінді жел соғады.

"Батыста ауа температурасы түнде + 15+23 градус, күндіз +27+35 градус, республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында ауа температурасы түнде +10+20 градус, күндіз термометр бағаны +18+28 градусқа жетеді. Еліміздің орталығында және шығысында ауа температурасы түнде +12+21 градус, күндіз +18+33 градус, Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында түнгі температура +15+25 градус, күндіз +27+38 градус болады", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news2
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама