Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

Синоптиктер 13, 14, 15 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктер 13, 14, 15 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазгидрометтің мәліметінше, алдағы үш күндегі ауа райы солтүстік-батыс циклоны мен фронтальды бөлімдеріне байланысты болады.

"Батыстан шығысқа қарай жылжып, циклон республиканың барлық өңірін қамтиды, соған орай жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ, солтүстік жартысында екпінді жел болады", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Батыста ауа температурасы түнде 5 градусқа дейін төмендейді, күндіз 10 градусқа дейін көтеріледі. Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында және орталығында 10 градус аяз болады, күндіз ауа температурасы 7 градусқа дейін көтеріледі. Еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде 10 градус аяз, күндіз 10 градус жылы болады деп күтілуде.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама