ПОДЕЛИТЬСЯ
27 мамыр 2022 | 15:35
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Қазгидромет мамандары 28, 29 және 30 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазгидромет мамандары 28, 29 және 30 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Болжамға сәйкес, алдағы демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады.
"28 мамырда солтүстікте, орталықта, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр, дауыл, бұршақ жауады. Түнде еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында және орталығында 2 градус үсік жүруі мүмкін", - делінген хабарламада.
Батыс аймаққа батыс антициклон әсер етеді, сондықтан жауын-шашын жаумайды. Ел аумағында жел күшейеді.
"Келесі аптаның басында республиканың басым бөлігінде күндізгі ауа температурасы жоғарылайды: республиканың батысында, солтүстік-батысында 25-30 градусқа дейін, оңтүстігінде 33 градусқа дейін, солтүстігінде 23-28 градусқа дейін, орталығында 25-30 градусқа дейін болады", - деп қорытындылады синоптиктер.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также