03 маусым 2022 12:13

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Қазгидромет мамандары 4, 5 және 6 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазгидромет мамандары 4, 5 және 6 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжамға сәйкес, атмосфералық фронтальды бөліктер өтуіне байланысты республиканың барлық аумағында ауа райы тұрақсыз болады.

"Жаңбыр жауады. 5 маусымда республиканың шығысы мен орталығында найзағай ойнап, жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін. Соған қарамастан, батыста 22-33 градус жылы, оңтүстік-батыста 29-37 градус жылы, солтүстік-батыста 15-25 градустан 20-33 градусқа дейін жылы болады", - делінген хабарламада.

Еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында күндіз термометр бағаны 15-26 градусқа дейін жылы, республиканың оңтүстігінде 27-37 градусқа дейін жылы болады, ал Қазақстанның оңтүстік-шығысында температура 22-32 градусқа дейін көтеріледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети