14 сәуір 2023 | 13:26

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Синоптиктер 15-17 сәуірде ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Синоптиктер 15-17 сәуірде ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Метеорологтардың мәліметінше, Қазақстан аумағында Қара теңізден келетін белсенді ылғалды циклон мен Скандинавия түбегінен келетін суық арктикалық ауа басым болады.

"Суық пен ыстықтың соқтығысуынан фронтальды учаскелер белсенді болады, осыған байланысты тұрақсыз ауа райы сақталып, жауын-шашын болады. Батыста жаңбыр, солтүстік облыстарда қар аралас жаңбыр, боран, көктайғақ, тұман болады. Оңтүстік облыстарда да аптап ыстық төмендеп, найзағай ойнап, бұршақ жауады. Республиканың барлық аумағында, елдің оңтүстігінде екпіні секундына 30 метр және одан да көп күшті жел күтіледі", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

16 сәуірден бастап Батыс Қазақстанда, 17 сәуірден бастап Түркістан облыстарында түнде үсік күтіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная