21 қыркүйек 2024 | 09:31

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Фото:depositphotos.com

Синоптиктер демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Синоптиктер демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алдағы демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігі орталығы Жаңа Жердің үстінде орналасқан циклон ойпатының ықпалында болады, осыған байланысты батыста және оңтүстікте найзағаймен жаңбыр жауады.

22 қыркүйектен бастап елдің батысына Скандинавия аудандарынан антициклон сілемі тарала бастайды. Республика бойынша желдің күшеюі болжанады, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі, батыста, солтүстік-батыста және елдің орталығында топырақ бетінде 2 градусқа дейін аяз болады.

Реклама
Реклама

Күндіз республиканың батысында ауа температурасының +20+25°С-тан +15+20°С-қа дейін, солтүстігінде +17+22°С-тан +8+18°С-қа дейін төмендеуі күтіледі, ал қалған аумақта күрт өзгерістер күтілмейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная