05 шілде 2019 | 19:23

Демалыс күндері еліміздің бірнеше өңірінде 40 градусқа дейін ыстық болады

Камила Долаева Журналист
© pixabay.com

Қазақстанның 7 өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды. Демалыс күндері еліміздің солтүстігінде күн жаңбырлы болса, оңтүстігінде 42 градусқа дейін ыстық болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидромет РМК орталығына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, күшті жаңбыр жауады. Жел жылдамдығы секундына 15-20 метр.

Реклама
Реклама

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ болады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел болады, кей жерлерде жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Алматы облысында ауа температурасы күндіз 31-36 градусқа дейін көтеріледі.

Жамбыл облысында 33-38 градус ыстық болады.

Таразда 7-8 шілдеде ауа температурасы 36-38 градусқа дейін жетеді.

Қызылорда облысында аптап 42 градусқа жетеді.

Түркістан облысында ауа температурасы 40 градустан аспайды. Кей жерлерде жел секундына 15-20 метр болады.

6 шілдеде түнде Атырау облысында күн күркірейді.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram