26 маусым 2020 | 18:25

Демалыс күндері Медеу мен Шымбұлақ жабыла ма?

Сурет: Tengrinews.kz/Алихан Сариев

Алматы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев 27-28 маусымда демалыс күндеріне енгізілген жаңа шектеу шараларын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев 27-28 маусымда демалыс күндеріне енгізілген жаңа шектеу шараларын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол осы демалыс күндері ереже алдыңғы аптамен салыстырғанда әлсіздеу болатынын хабарлады. Атап айтқанда, 27-28 маусымда туристік нысандар жұмыс істей береді.

Реклама
Реклама

"Саябақтар, скверлер, Медеу, Шымбұлақ, сондай-ақ, Панфилов көшесі мен Арбат жаяу жүргіншілер серуендеуі үшін ашық болады. Үйде отыру да зиян", - деді Алматы әкімінің орынбасары.

Ол сондай-ақ автожанармай құю станциялары да жұмыс істейтінін айтты.

Еске салайық, Алматы қаласында қосымша карантиндік шектеу шаралары 27 маусым сағат 00.00-ден бастап, 29 маусым cағат 00.00-ге дейін күшін жоймайды.

Қабылданған шешімге сәйкес көрсетілген кезеңде коронавирустық инфекцияның таралу қаупі жоғары жабық объектілердің қызметі тоқтатылады:

- ірі сауда желілері (азық түлік, азық түлік емес), үйдегі дүкендер түріндегі филиалдарын қоспағанда
жабық базарлар (азық-түліктік, азық-түліктік емес, әмбебап), сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда орталықтары, сауда үйлері;
- қоғамдық тамақтану нысандары, көшедегі форматтағы ашық ауадағы нысандарды қоспағанда, әлеуметтік қашықтықты және санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып;
- фитнес-орталықтар.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная