Демалыс күндері Астанада жаңбырлы болады

© Тұрар Қазанғапов

Алда?ы к?ндері Астанада жа?бырлы болады ж?не ауа температурасы т?мендейді деп к?тілуде, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана ?аласы ?кімдігіні? сайтына сілтеме жасап. 

Алдағы күндері Астанада жаңбырлы болады және ауа температурасы төмендейді деп күтілуде, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласы әкімдігінің сайтына сілтеме жасап. 

"Қазгидромет" мәліметі бойынша, 14 шілде елордада күн құбылмалы, найзағай ойнап, жаңбыр, бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік, солтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен жел еседі. Түнде ауа қысымы +9+11°С, күндіз +19+21°С.

15 шілде күн құбылмалы болады деп болжануда. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыс, батыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен жел соғады. Термометр көрсеткіші түнде +9+11°С төмендейді, ал күндіз +21+23°С болады.

Реклама
Реклама

Осындай ауа райы 16 шілде күні де сақталады. Күндіз күн құбылмалы, әр уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ болуы ықтимал. Батыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен жел еседі. Ауа қысымы түнде +11+13°С, күндіз +22+24°С жылы болады.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама