Демалыс күндері ауа райы қандай болады

© Николай Колесников

Алдағы демалыста республиканың басым аумағында күн суытады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап. Синоптиктер 12-14 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жария етті.

Синоптиктердің мәліметінше, демалыс күндері республикамыздың басым аумағында ауа температурасы климаттық нормадан 2-4 градусқа дейін төмендейді.

"Ресейдің Еуропа аумағының солтүстік-батысынан ауысқан суық атмосфералық фронттар Қазақстанның солтүстік және батыс облыстарына жаңбыр, кей жерлеріне нөсер алып келді. Олардың республика аумағы арқылы шығысқа ауысуына байланысты, жаңбыр солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік-шығыс облыстарында күтіліп отыр. Қазақстанның шығыс және оңтүстік-шығысындағы таулы және тау бөктеріндегі аудандарында нөсер болуы мүмкін. 30 градустық ыстықтан кейін жақын арадағы тәулікте солтүстікте және орталықта, жексенбі күні шығыста, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста ауа температурасының 10-15 градусқа дейін төмендеуі күтіледі", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, батыстағы облыстарда күн суытқаннан кейін және алдағы тәуліктерде жаңбыр жауғаннан кейін ауа райы жауын-шашынсыз болады және ауа температурасы көтеріледі деген болжам бар. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама