Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

© Тұрар Қазанғапов

Синоптиктер 30 ?ырк?йек - 2 ?азан к?ндеріне арнал?ан ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "?азгидромет" РМК ?кілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктер 30 қыркүйек - 2 қазан күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Cиноптиктердің мәліметінше, жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін.

"Ауа райының салқындауы мен жаңбырдың жаууы, кей уақыттарда жаңбырдың соңы қарға ұласуы Карс теңізі аумағынан түскен арктикалық ауа массаларымен байланысты болды. Алдағы демалыс күндері тропосфералық ағындардың бағыттары көп ауыспайды. Бұрынғысынша республикамыздың батысы мен солтүстік аймақтарына әсерін тигізеді, сол себептен ол аймақтарда салқын ауа райы мен бұлтты жауын-шашын сақталады", - деді синоптиктер.

Реклама
Реклама

Ал республикамыздың оңтүстігінде ауа температурасының аздаған жоғарылауы және жауын-шашынның тоқтауы болжанады. Бірақ дүйсенбіде осы аймақтарға атмосфералық фронт әсерін тигізіп, жауын-шашын басым болады.

Tengrinews
Автор сұрағы
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама