Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 18-20 тамыз аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы демалыс күндері күн жылы болады.

"Түркмения аймағынан келетін жылы циклон Қазақстанның көптеген облысындағы ауа райына әсер етеді. Сондықтан күн күркіреп, екпінді желмен жылы жаңбыр жаууы мүмкін. Температура солтүстікте, орталықта және шығыста түнде 13-23 градусқа дейін, күндіз 25-35 градусқа дейін жылы болады. Ал оңтүстікте түнде 17-22 градус, күндіз 26-28 градус жылы ауа райы сақталады. Батыста түнде 7-15 градусқа дейін, күндіз 17-25 градусқа дейін жылв болады", - деді "Қазгидромет" мамандары.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама