Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 22-24 ?ырк?йек аралы?ында ауа райы ?андай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "?азгидромет" РМК ?кілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктер 22-24 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері астрономиялық күздің келуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде күн салқындайды.

"Күзгі күн мен түннің теңесуі кезінде астрономиялық күз басталып, республиканың басым облысында жауын-шашын жауып, күн салқындайды. Тек республиканың батыс облыстарында оңтүстік-батыс тропосфералық ағындардың және жоғары атмосфералық қысымның әсерінен жылы және жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі", - деді "Қазгидромет" өкілдері.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама