Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

© Николай Колесников

Синоптиктер 18-20 қаңтар аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктер 18-20 қаңтар аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері ауа температурасы жоғарылайды.

"Ауа температурасы солтүстікте климаттық нормадан 5…10 градусқа жоғары, оңтүстікте - нормаға жуық және одан 2...4 градусқа жоғары болады деп болжанады. Республика арқылы өтетін атмосфералық фронттар солтүстік және шығыс облыстарда бұрқасынмен қар, оңтүстік облыстарда жылбысқы қар тудырады. Күндізгі ауа температурасы 0, минус 8 градус, оңтүстікте плюс 3…минус 5 градус шамасында болғандықтан, Қазақстан аймағының басым бөлігінде көктайғақ болады", - деді "Қазгидромет" өкілдері.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама