Демалыс күндері қар жауып, тұман түседі

© Altaynews

Синоптиктер демалыс к?ндері ауа райы ?андай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "?азгидромет" РМК ?кілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктер демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Мамандардың айтуынша, алдағы тәуліктерде Сібір антициклонының тарамдары Қазақстанның шығыс бөліктерінде жауын-шашынсыз ауа райын сақтап тұрады.

"Еділ мен Каспий теңізінің оңтүстігінен, Қазақстан аумағы арқылы батыстан шығысқа қарай жылжыған атмосфералық фронттар қайтадан шабуылдап, қар жаудырып, көктайғақ құбылыстарын тудырып, жолдарды тұманмен, қармен басып тастайды", - дейді синоптиктер.

Реклама
Реклама

Ал республиканың оңтүстігіндегі күндізгі 3-10 градус температура кезінде жауын-шашын жаңбырмен басталады, бірақ температураның түсуіне байланысты арты қарлы боранға айналады екен. Сондай-ақ бұл жерлерде көктайғақ, көріну төмендігі 100-500 метрге дейін тұман болады деп күтіледі екен. Ауа температурасы әдеттегідей 3-8 градусқа климаттық мәндерден жоғары болатын көрінеді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама