ПОДЕЛИТЬСЯ
05 қаңтар 2022 | 13:33
Демонстранттардың жаңа тобы. "Алматы Арена" маңында жағдай қандай?
Tengrinews.kz тілшісі 4 қаңтарда наразылық білдірушілер жиналған "Алматы Арена" маңындағы жағдайды байқап, кейін қала орталығына бет алды.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Tengrinews.kz тілшісі 4 қаңтарда наразылық білдірушілер жиналған "Алматы Арена" маңындағы жағдайды байқап, кейін қала орталығына бет алды.
"Алматы Арена" мұз сарайы маңайында көпқабатты үйлер орналасқан. Бұл Алматыдағы тыныш аудандардың бірі.
Бүгін қаланың бұл бөлігіне қалың тұман түскені байқалады.
Алайда төтенше жағдай режимі мен коменданттық сағат енгізілгеніне қарамастан, сағат 12.00 шамасында көшеде адамдар еркін жүргені көрінеді.
Кей тұрғындар қала орталығына қарай бет алған.
Бүгін, 5 қаңтарда таңертеңнен бастап қоғамдық көліктер мен такси қызметі тоқтады. Сондай-ақ, байланыс және Интернетке қосылуда ақау бары байқалады. Бірақ кейбір дүңгіршектер қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.
Жағдайды пайдаланған кейбір автокөлік жүргізушілері жол ережесін бұзып, белгіленбеген жерден бұрылып жатыр.
Кеше түнде мұз сарайы маңында демонстранттар жиналып, қаланың орталық бөлігіне бет алды. Бірақ бұл ауданда мүлікті қирату, бүлдіру немесе басқа да бұзақылық салдары байқалмайды.
Алайда Tengrinews.kz тілшілері қайтуға айналғанда, қатты дыбыстар мен ысқырықтар естілген. Ол демонстранттар тобы екені белгілі болды. Жұрт жүргізушілерді көлігін тастап, топқа қосылуға шақырып жатыр. Кей жүргізушілер оларға қосылып та жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также