Кеше | 10:30

Денесінің 70 пайызы күйіп қалған жүкті әйел аман қалып, сау бала босанды

Фото:gov.kz

Шығыс Қазақстан облысының дәрігерлері жүктіліктің 25-ші аптасында денесі 70 пайыз күйіп қалған 20 жастағы науқастың өмірін сақтап қалды. Ол аман қалды, ал біраз уақыттан кейін дені сау қызды дүниеге әкелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрілігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Диана Долгова Бородино ауылынан Алтай қаласындағы ауданаралық ауруханаға жеткізілді. Науқастың бас, мойын, кеуде және аяқ-қолдарында бірінші, екінші және үшінші дәрежелі күйіктері болды.

Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап, оны Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталығына тасымалдау туралы шешім қабылдады.

Реклама
Реклама

Жәбірленуші тікұшақпен медициналық орталыққа жеткізілді, онда ол қарқынды терапиядан өтті және тері трансплантациясы бойынша бірнеше ота жасалды.

Біраз уақыттан кейін Диана салмағы 2,2 келі және бойы 50 сантиметр болатын сау нәрестені аман-есен босанды. Ана мен баланың жағдайын әртүрлі медициналық салалардың мамандары бақылап отырды. Диана емдеу курсынан сәтті өтті

Бұған дейін ШҚО дәрігерлері ауыр жағдайда түскен тағы екі ананы құтқарды: олар ауыр септикалық пневмониямен ауыратын 18 жастағы науқасқа және көп мүшелі жеткіліксіздігі бар 44 жастағы әйелге көмектесті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram