07 сәуір 2022 | 14:45

Денис Теннің өлімі бойынша сотталған әйел колониядан шықты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фотоколлаж Tengrinews.kz

Мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өлімі бойынша сотталған Жанар Толыбаева 2021 жылдың желтоқсанынан бері қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде отырған жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өлімі бойынша сотталған Жанар Толыбаева 2021 жылдың желтоқсанынан бері қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде отырған жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жанар Толыбаева 2021 жылдың желтоқсан айынан бері түзеу мекемесінде отырмағанын хабарлаймыз", - деді ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, Денис Тен 2018 жылдың 19 шілдесінде ұрылар қолынан қаза тапқан болатын. Сот 2019 жылдың басында спортшының өліміне қатысты сотталғандарға үкім шығарған.

Реклама
Реклама

Арман Құдайбергенов "Ұрлық", "Қарақшылық" және "Адам өлтіру" бойынша айыпты деп танылып, 18 жылға сотталған. Нұралы Қиясовқа "Адам өлтіру" және "Қарақшылық" баптары бойынша 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілген еді.

Жанар Толыбаева "Қылмыс туралы хабарламау" бойынша кінәлі деп танылған. Ол 4 жылға бас бостандығынан айырылған. Іс барысында оның жүкті екені белгілі болған. Ол екінші баласын түрмеде босанған еді. Толыбаева жазасын баласымен бірге Алматы облысы Жауғашты ауылындағы ЛА-155/4 түзету мекемесінде өтеген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram