ПОДЕЛИТЬСЯ
14 қыркүйек 2020 | 10:01
Денсаулық сақтау министрі тұмауға қарсы вакцина салдырды
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Нұр-Сұлтанның № 6 қалалық емханасында маусымдық тұмауға қарсы вакцина салдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Нұр-Сұлтанның № 6 қалалық емханасында маусымдық тұмауға қарсы вакцина салдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Министрліктің мәліметінше, 2020 жылы Қазақстанда вакцина салу кезеңі 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында өтеді. Бірыңғай дистрибьютор халықтың 10 пайызынан көбін вакцинациялау үшін Ресейде өндірілген "Гриппол+" вакцинасының 2 миллионнан аса дозасын сатып алған. Вакцина құрамында тұмаудың үш штаммы- А(H3N2), А(H1N1) және В қарсы антиген бар.
"Жылда күз келгенде ЖРВИ мен тұмау өршиді. 2019-2020 жылғы эпидемиологиялық маусымда ЖРВИ ауырған 431 120 адам тіркелді, оның ішінде 2 жарым мыңнан fcf науқас зертханада анықталған тұмауға шалдыққан. Оның 284 033-і немесе 61,4 пайызы 14 жасқа толмаған балалар. Биыл халықты вакцинациялау аса қажет, өйткені коронавирус пандемиясы кезінде тұмау да өршуі мүмкін, сол кезде елдегі жағдайды тұрақтандыру қиын болады. Сондықтан бұл жолы елімізде вакцинацияны жылдағыдан екі апта бұрын бастаймыз. Қазақстан қауіпсіз, тиісті зертханалық сынақтардан және бақылаудан өткен, сапалы вакцина сатып алғанын көрсету үшін өзім бірінші болып екпе салдырдым", - деді Цой.
"Вакцинация тәуекел тобына кіретін адамдарүшін тегін, атап айтқанда:
мектеп жасына толмаған және мектеп жасындағы балалар;
медицина қызметкерлері;
жүкті әйелдер (жүктіліктің 2-3 триместрі);
жабық мекемелердегі адамдар (балалар үйі, мектеп-интернаттар;
созылмалы ауруы бар ересектер мен балалар;
60 жастан асқан қарт адамдар", - делінген министрліктің хабарламасында.
Тұмауға қарсы ақылы вакцинация жеке орталықтарда және емханалардың егу кабинеттерінде жүргізіледі дейді ведомстводағылар.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также