15 мамыр 2021 | 13:57

Денсаулық сақтау министрлігі "ақпараттық гигиенаны" өзі сақтауы керек - депутат

Фото: Tengrinews.kz

Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов Денсаулық сақтау министрлігінің "Спутник V" вакцинасының бірінші және екінші дозаларын салу мерзімін 21-ден 90 күнге дейін ұзартуға қатысты айтқан жауабына пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов Денсаулық сақтау министрлігінің "Спутник V" вакцинасының бірінші және екінші дозаларын салу мерзімін 21-ден 90 күнге дейін ұзартуға қатысты айтқан жауабына пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Денсаулық сақтау министрлігінің вакцинацияға қатысты ұстанымын зерттегеннен кейін жауаптан гөрі көбірек сұрақ туындады. Мен денсаулық сақтау министрлігі заттарды әртүрлі атаумен айта отырып, ұғымдарды алмастыратынына таңмын", - дейді мәжілісмен.

Депутаттың пікірінше, Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған хат кімге екені белгісіз және онда біреудің сұрауына сілтеме жоқ. Осыған байланысты Гамалея ұлттық эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығы неге мұндай хат жазғаны белгісіз. Александр Гинцбург мәлімдемесіне түсінік бере отырып, шетелдік серіктестердің өтінішіне сілтеме жасайды. "Тұтас бір түсінік үшін Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің сұрауын, бар болса, не басқа шетелдік серіктестердің сұрауын жариялау маңызды болар еді. Ресейде вакцинаның екі дозасының арасы бұрынғыша 21 күн екенін тағы да атап өткім келеді", - дейді Жамалов.

Реклама
Реклама

Оның пікірінше, "аралықтың ұлғаюы иммунизацияны едәуір жылдамдатады" деген тұжырым ақылға қонбайды.

"Вакцинаның дозалары арасындағы аралықты ұлғайту арқылы иммундау мен вакциналауды қалай жеделдетуге болады? Оған қоса, адамның иммунитеті вакцинаның алғашқы дозасынан кейін 3 аптадан соң пайда болады деген мәлімдеме тағы да министрдің екі вакцинаның міндеттілігі туралы мәлімдемесіне қайшы келеді", - деді Жамалов.

Ол сондай-ақ адамдар 21-90 күн аралығында өтініш беріп, екінші компонентті ала алатыны туралы тұжырымға назар салды. Бұл ретте ҚР Бас мемлекеттік санитария дәрігерінің қаулысында "... бұл ретте кейбір жағдайларда егілушілердің өтінішінің негізінде 21 күннен 90 күн кезеңінде "Гам-КОВИД-Вак" вакцинасымен ІІ компонентпен вакцинациялау жүргізуге жол беріледі" деп жазылған.

"Яғни, осы кезеңде вакцина аласың деген кепілдік жоқ, тек "кейбір жағдайларда". Бұл қандай жағдайлар екені құпия болып қалады. Қазақстандықтар вакциналау мерзімін ауыстыру туралы SMS ала бастады және вакцинаның екінші дозасын салдыра алмай шағымданып жатыр. Мерзімдерді ауыстыру, өтініш беру -  жұртқа ылаң салады", - деп есептейді депутат.

"21 күннен 90 күнге дейінгі кезеңде вакцинаның екінші дозасын алу сөзсіз, ешқандай бюрократиясыз және қажетсіз мәлімдемелерсіз қамтамасыз етілуі керек деп санаймын. "Ақпараттық гигиена ережелерін" ең алдымен денсаулық сақтау министрлігінің өзі көпшілік алдында сөйлеген кезде және іс-әрекеттерін түсіндірген кезде сақтауы керек. Әзірге бұл мәлімдемелер халықты шатастырып қана қойды. Сондықтан Денсаулық сақтау министрлігі мұндайын тоқтатып, вакцина жасалған Ресей сияқты екі дозаның арасындағы 21 күндік аралықты қайтаруы керек деп санаймын.

Сонымен қатар, мәлімдемеңізде көрсетілгендей, "коронавирус инфекциясына қарсы вакциналарды елге жеткізу кестеге сәйкес және жеткілікті мөлшерде жүріп жатыр, тапшылық байқалмайды", - деді мәжілісмен.

Бұған дейін Қазақстанның бас мемлекеттік санитария дәрігері Ерлан Қиясов вакциналау мерзімі туралы жаңа қаулыға қол қойған болатын. Құжатта Қазақстанда вакцинация 45 күн аралықта екі кезеңде жүргізілетіні жазылған. Кейін Цой вакцинаның екінші компонентін салдыру мерзімі неге өзгергенін түсіндірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная