30 қараша 2021 12:31

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда "омикрон" штамы бар-жоғын анықтап жатыр

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото ©REUTERS

Денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов Қазақстанда коронавирустың жаңа "омикрон" штамын жұқтырғандар жоқ екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов Қазақстанда коронавирустың жаңа "омикрон" штамын жұқтырғандар жоқ екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгінге дейін Қазақстанда "омикрон" штамы анықталған жоқ, вирустың секвенциясы бойынша жұмыс жалғасып жатыр, біз бұл жұмысты ай сайын тұрақты түрде жүргіземіз. Бүгін Үкімет отырысында да жұмысты жалғастыру және күшейту туралы қосымша шешім қабылданды. Нәтижесі желтоқсанның үшінші онкүндігінде белгілі болады", - деді вице-министр Үкімет отырысында. 

Оның айтуынша, "омикрон" штамы ПТР тестіне сезімтал.

Реклама
Реклама

"Бұл дегеніміз - ПТР тестілеуі барлық науқастарды анықтайды. Бірақ мұны істеу үшін бізге вирустың қосымша реттілігін жүргізу керек, бұл өте көп уақытты қажет ететін, ұзақ процесс. Шамамен, 2-4 апта кетеді. Біз бұл жұмысты енді бастадық, желтоқсан айының соңында Қазақстан аумағында айналымдағы штамдардың түрлері туралы толық ақпарат болады", - деді Шоранов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram