14 наурыз 2020 14:00

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус анықталған үш рейс жолаушыларына үндеу жасады

Иллюстрациялық сурет: Liga.net

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті коронавирус жағдайлары расталған үш рейс жолаушыларына үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Биыл 10 наурызында сағат 02.45-те ұшып келген Франкфурт - Нұр-Сұлтан - Алматы рейсінің жолаушыларын 1406 немесе 103 нөміріне қоңырау шалуларын сұраймыз", - делінген ақпаратта.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті 12 наурызда сағат 06.10-да келген Мәскеу - Нұр-сұлтан № SU - 1956 рейсінің жолаушыларын және 10 наурызында келген Варшава - Нұр-Сұлтан № 195 жолаушыларын 1406 немесе 103 нөміріне қоңырау шалуға шақырды.

Еске салайық, бүгін Қазақстанда тіркелген коронавирус жағдайының саны алтауға жетті. Олар дәрігерлердің қатаң бақылауда, карантинде жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram