17 шілде 2020 15:23

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пен пневмония статистикасын біріктіреді

Сурет: elements.envato.com

Қазақсатнда коронавирус пен пневмония статистикасы біріктіріледі. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ОКҚ тікелей эфирінде мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақсатнда коронавирус пен пневмония статистикасы біріктіріледі. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ОКҚ тікелей эфирінде мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Коронавирус жағдайларының жалпы статистикалық есебінен бөлек пневмонияға да назар аудару қажет. Деректердің барынша ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі статистикалық деректерді есепке алу мен қалыптастырудың жаңа тәсілдерін біріктірді. ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросымен жүргізілген консультацияларды ескере отырып, біз COVID-19 жағдайларын есепке алу үшін жаңа кодтауға көшу туралы шешім қабылдадық. Осылайша, COVID-19 зертханалық расталған жағдайлары ПТР-тестілеуі теріс нәтиже көрсеткен, бірақ коронавирустың клиникалық және эпидемиологиялық белгілері бар пневмония жағдайларымен біріктіріледі.

Реклама
Реклама

COVID-19 кодталуына жаңа кодтарды пайдалана отырып, аурудың халықаралық жіктелуіне толық көшу 1 тамыздан бастап жүзеге асырылады", - деді Алексей Цой.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram