ПОДЕЛИТЬСЯ
22 желтоқсан 2021 | 11:49
Денсаулық сақтау министрлігі омикрон штамы туралы: Қайталап жұғуы мүмкін
Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасы Айжан Есмағамбетова Қазақстанда омикрон штамын жұқтыру жағдайы тіркелмегенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өкінішке қарай, омикрон туралы сенімді деректер, ғылыми зерттеулер жоқ. Ол қаншалықты қауіпті екені белгісіз. Жалғыз белгілі нәрсе - тез жұғады, инфекция қайталап жұғуы мүмкін.
Омикрон штамы пайда болған жағдайда, бұрынғыдай, екі айда бір рет толық геномдық жүйелеу жүргіземіз. ПТР-скрининг бойынша алдын ала деректерге сүйенсек, қарашаның аяғында және желтоқсанның басында коронавирус жұқтырған адамдарды тексердік, ол кезде омикрон анықталған жоқ", - деді Есмағамбетова Үкімет отырысынан кейін.
Оның айтуынша, Қазақстанда дельта штамы басым - 87 пайыз. Инфекциялардың 9 пайызы альфа штамы.
"Бүгінде Қазақстанда омикрон айналымы анықталған жоқ", - деп қорытындылады санэпидбақылау комитетінің басшысы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также