ПОДЕЛИТЬСЯ
26 қаңтар 2023 | 16:41
Денсаулық сақтау министріне бала сату дерегі туралы сұрақ қойылды
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният министрлік бала саудасы мәселесін қалай шешетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният министрлік бала саудасы мәселесін қалай шешетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сенат отырысында журналистер министрден Денсаулық сақтау министрлігі бала саудасы мәселесін шешуге неге шара қолданбай жатқанын сұрады.
"Мұндай жағдайлар бізде, шамамен, бес жыл бұрын болған. Кейін барлық перинаталдық орталық пен перзентханаға бейнебақылау орнаттық, баладан бас тартқан аналармен жұмыс істейтін психологтарды қабылдадық. Осындай мақсатты жұмыстар жүргіздік. Егжей-тегжейін білмеймін, БАҚ мәліметінше, әйел өзі туған баласымен бірге шығарылған, ал бұл жағдайдың барлығы жалдамалы пәтерде болған", - деп жауап берді министр.
Ғинияттың айтуынша, барлық перзентханада бейнебақылау орнатылған. Сонымен қатар, басшылар перзентханада не болып жатқанын бақылайды.
"Егер босану жақсы өтсе, оларды ұзақ ұстамайды, стандарт бойынша үш-төрт күн. Мұндай оқиға болған екен, елдің түкпір-түкпіріндегі барлық медицина қызметкерлерімен қайтадан жұмыс жүргіземіз", - деп түйіндеді ол.
Еске салайық, 12 қаңтарда Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Тараз қаласы прокуратурасымен бірлесіп жүргізген арнайы іс-шара барысында жаңа туған баланы сату дерегін анықтаған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также