24 мамыр 2023 | 12:44

Денсаулық сақтау министрінің видеосына қатысты ведомство пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері министр Ажар Ғиният келтірген COVID-19 статистиксына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері министр Ажар Ғиният келтірген COVID-19 статистиксына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазнетте денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың сұхбатынан үзінді тарады. Ол кейнігі төрт айда елімізде 9,5 адам COVID-19 жұқтырғанын айтады. Министрліктің баспасөз қызметі мәліметінше, видео контекстен үзіп алынған.

Реклама
Реклама

"Әлеуметтік желілердегі видео денсаулық сақтау министрі айтқан ақпараттың бастапқы мағынасын бұрмалау үшін қолданылып жатыр. Сондықтан КВИ-мен сырқаттанушылық статистикасы келтірілген арандатушылық видеоны одан әрі таратпауларыңызды сұраймыз. Нақтырақ айтқанда, министр 9,5 мың адам туралы айтқан. 2023 жылдың басынан бастап Қазақстанда 9086 КВИ+ жағдайы және 435 коронавирус пневмониясы жағдайы тіркелді, жалпы бұл - 9,5 мың науқас. Министр эпидемиологиялық мониторингіге, сырқаттанушылық статистикасына және науқастарды емдеуге байланысты барлық мәселені тұрақты бақылауында ұстайды", - деді министрліктің баспасөз қызметі өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная