22 ақпан 2022 09:48

Денсаулық сақтау вице-министрі журналистерге жауап бере алмады - Смайылов

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкімет мүшелеріне журналистермен тығыз байланыста болуды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкімет мүшелеріне журналистермен тығыз байланыста болуды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ажар Ғиниятқызы, өткен аптада денсаулық сақтау вице-министрі қатысқан брифинг өтті. Денсаулық сақтау вице-министрі журналистер сауалына жауап бере алмағаны өкінішті. Осыған назар аударуыңызды өтінемін", - деді Әлихан Смайылов Үкімет отырысында.

Смайылов өз сөзінде "мұндай жағдайлар Үкімет жұмысына кері әсер ететінін" айтты.

Реклама
Реклама

"Үкімет мүшелеріне журналистермен тығыз байланыста болуды тапсырамын. Біз қоғамға ашық болуымыз керек. Әрбір шешімді дұрыс жеткізу, оны қоғаммен талқылап, қабылдау - Үкіметтің басты міндеті", - деді премьер-министр.

"Басыма шық!". Журналиспен дөрекі сөйлескен шенеуніктер

Бұған дейін Желіде Bek Air басшысы Нұрлан Жұмасұлтановтың журналист сұрағын елемей, итеріп өткен сәтінің видеосы тараған болатын. Елімізде лауазымды тұлғалардың журналистерге дөрекілік көрсеткен оқиғалары аз емес. Оның ішінде журналиске "Жынымды келтірмеңізші", "Онда басыма шық" деп жауап бергендер де бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram