Денсаумин Азияда COVID-19-дың өршуіне байланысты ұсыныстар жариялады

Денсаумин Азияда COVID-19-дың өршуіне байланысты ұсыныстар жариялады ©️ depositphotos.com/LyazaTretyakova

Қазақстан Республикасында коронавирус инфекциясына байланысты эпидемиологиялық жағдай тұрақты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ДСМ мәліметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасында коронавирус инфекциясына байланысты эпидемиологиялық жағдай тұрақты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ДСМ мәліметіне сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрлігі елдегі сырқаттанушылық пен әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға апта сайын мониторинг жүргізеді.

"2025 жылдың басынан бері жалпы 329 расталған жағдай тіркелді, қайтыс болу жағдайлары тіркелген жоқ. Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық 3,7 есеге азайған. Республика бойынша аптасына 25 жағдайға дейін тіркеледі", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Әлемдегі жағдай сияқты, Қазақстанда да 2022 жылы алғаш анықталған Омикрон нұсқасының штамдары айналымда жүр.

Омикрон штамы 30-дан астам мутацияны қамтиды және аурудың жеңіл өтуімен сипатталады, сондықтан стационарлық емдеуді қажет етпейді. Аурудың негізгі симптомдары – жоғарғы тыныс жолдарының зақымдануы, мұрынның бітелуі, тамақтың ауыруы, жөтел.

Басқа елдерде сырқаттанушылықтың өсуін ескере отырып, Денсаулық сақтау министрлігі келесілерді ұсынады:

  • жіті респираторлық инфекциямен ауыратын адамдармен тығыз қарым-қатынастан аулақ болу;
  • қолды, әсіресе науқас немесе олардың айналасындағы адамдармен тікелей байланыстан кейін жиі жуу;
  • үй-жайларды тұрақты түрде желдету;
  • ауру симптомдары байқалған жағдайда медициналық көмекке жүгіну.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама