Денсаумин маска тағып жүруді және қоғамдық орындарға бармауды ұсынды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Денсаулық сақтау министрлігі ЖРВИ және тұмау ауруларының көбеюіне байланысты Қазақстан халқына үндеу жасады. Қазақстандықтарға қайтадан бетперде киіп жүруге және адам көп жиналатын жерлерге бармауға кеңес беріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау министрлігі ЖРВИ және тұмау ауруларының көбеюіне байланысты Қазақстан халқына үндеу жасады. Қазақстандықтарға қайтадан бетперде киіп жүруге және адам көп жиналатын жерлерге бармауға кеңес беріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, елде ЖРВИ және тұмау ауруларының маусымдық өсуі байқалады.

"Эпидемиялық маусым басталғаннан бері, яғни 2022 жылдың 1 қазанынан бері жіті респираторлық вирус инфекцияларының 2,1 миллион жағдайы тіркелді, оның 65,5 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар. Сондай-ақ, тұмаудың зертханалық расталған 1834 жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 717", - деді Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері.

Реклама
Реклама

Елімізде тұмауға қарсы "Гриппол плюс" вакцинасының 2 282 824 дозасы сатып алынғаны хабарланды. Республикада тұмауға қарсы 2 413 330 адам немесе республика халқының 12,7 пайызы екпе алған.

Тұмау, ЖРВИ және коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі мыналарды ұсынады:

  • Маска мен антисептиктерді қолдану.
  • Адамдар көп жиналатын орындарға баруды, ауру адамдармен қарым-қатынасты шектеу.
  • Үй-жайларды желдетіп, жиі ылғалды тазалау жүргізу.
  • Дереу медициналық көмекке жүгіну.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама