30 қараша 2021 | 12:18

Денсаумин өкілдері Мысырмен әуехабарлама тоқтауын түсіндірді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: elements.envato.com

Денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов Мысырға жолдама сатып алған қазақстандықтарға не істеу керегін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов Мысырға жолдама сатып алған қазақстандықтарға не істеу керегін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазірдің өзінде бірқатар елде Мысырдан келген азаматтардан "омикрон" штамы анықталған. Осыған байланысты әуе қатынасын тоқтату туралы шешім қабылданды. Барлық шектеу шарасы 2021 жылдың 3 желтоқсанынан бастап күшіне енеді. Біз Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіндегі әріптестерімізбен туристерді басқа бағыттарда ұлғайту мақсатын пысықтаймыз", - деді Шоранов Үкімет отырысынан кейін.

Вице-министр Қазақстанның міндеті коронавирустың жаңа толқынын болдырмау және вирустың таралуына жол бермеу екенін айтты.

Реклама
Реклама

"Біріншіден, халық коронавирусқа байланысты сын-қатер әлі аяқталмағанын түсінуі керек. Біздің міндетіміз – елімізге жаңа штамның әкелінуіне мүмкіндігінше, жол бермеу. Оған қоса, штамдарды жүйелеу жұмыстарын жүргіземіз. Бүгінде мұндай шараларды, көп ел қабылдағанын білесіздер, кейбір Еуропа елдері, Израиль, Сингапур. Бұл дұрыс шара деп ойлаймын", - деп қосты Шоранов.

Вице-министрдің айтуынша, Мысырдан келген қазақстандықтар 7 күндік карантинде болады немесе тұрғылықты жері бойынша емханаларда бақылауға алынады.

"Сондықтан теңгерімді көзқарас қажет болады. Осы бағытты қарастыру керек. Бұл ең қарқынды бағыт екенін түсінеміз, қарашада шамамен 13 мың жолаушы тіркелді. Әрине, біздің азаматтардың Мысырдан келуі, жеті күндік карантинге жатқызылуы, ПТР тестілеуі, сондай-ақ, тұрғылықты жері бойынша емханаларда бақылауға алынуы үшін тиісті шаралар қарастырылған", - деді ол.

Шоранов Мысырға алынған билеттер қаражатын қайтару туралы мәселе Денсаулық сақтау министрлігі құзыретіне жатпайтынын айтты.

"Біз мұны ескереміз. Барлығына қосымша балама туристік бағыт ұсынылады. Таиланд, Оңтүстік-Шығыс Азия, БАӘ бағыттары бар. Нұсқалар бар", - деп түйіндеді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная