ПОДЕЛИТЬСЯ
14 сәуір 2022 | 16:12
"Депозиттер және криптовалюта". Министр инвестициялау бойынша кеңес берді
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров қазақстандықтарға инвестиция салу бойынша кеңес берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров қазақстандықтарға инвестиция салу бойынша кеңес берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ведомство басшысы танымалдығына қарамастан, өз жинағын криптовалютада сақтамайтынын мойындады.
"Тәуекелдер бар, әсіресе криптовалютада, шын мәнінде, негіз ретінде нақты актив жоқ. Бұл тіпті дериватив емес, бұл материалдық зат емес. Оның үстіне, криптовалюта электрон әмияндарда сақталады. Таза цифр ретінде қарасаңыз да, ол сіз тұратын ел аумағынан алыста", - деді ол.
Әлібек Қуантыров қазақстандықтарға криптовалютаға инвестиция салу кезінде тәуекелдерді ескеруді ұсынды.
"Барлық ақшаңызды тек биткоин немесе лайткоинде сақтамаңыз. Нарық та әртүрлі тенденцияларды көрсетеді және күрт құлдырау болуы мүмкін. Онда көп ақша жоғалту ықтималдығы бар. Инвестициялардың бұл түріне әрқашан салмақты түрде қарау керек", - деп қосты министр.
Оның пікірінше, жинақтарды тиімді инвестициялаудың қауіпсіз жолы - өз жинақтарыңызды теңгелік депозиттерде сақтау.
"Қосымша ақшаңыз болса, әрине, жылжымайтын мүлікке, брокерлер арқылы шетелге және т.б. инвестициялауға болады. Қазақстандықтар үшін ең оңай, ең қолжетімді әдіс - ақшаны теңгемен депозитте сақтау. Бұл ең оңай жолы. Ақшаны айналдыру үшін жедел, мерзімді депозиттер бар. Неге теңгеде - бағам долларға қарағанда әлдеқайда жоғары. Оған қоса, доллар нығайса, адамдар да ұтылуы мүмкін. Доллармен есептегенде пайыз өте төмен - шамамен жылына 1 пайыз", - деп түсіндірді ол.
Сондай-ақ, ұлттық экономика министрі бүгінде қаражатты инвестициялаудың сан алуан түрлі құралдары бар екеніне тоқталды.
"Бірақ нарықты түсінбейтін қарапайым адам болсаңыз, оны сенімді брокер арқылы жасағаныңыз жөн, сонымен қатар активтеріңізді әртараптандырғаныңыз дұрыс", - деп түйіндеді Қуантыров.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также