07 маусым 2023 | 17:12

Депутат әкімдердің тапсырысымен интернетте жасалатын қудалауға шағымданды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин интернетте фейк аккаунттардан ақпараттық шабуылға ұшырағанын мәлімдеді. Депутат мұндай қудалауды ұйымдастырушыларды да атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин интернетте фейк аккаунттардан ақпараттық шабуылға ұшырағанын мәлімдеді. Депутат мұндай қудалауды ұйымдастырушыларды да атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Былтыр Самат Базарбайұлы (Мәжіліс депутаты Самат Мұсабаев. – еск.) екеуіміздің отбасымызға қоқан-лоқы көрсетіліп, шабуылдар жасалды. Біз ҰҚК, Ішкі істер министрлігіне жаздық. Маңғыстау облысының мәселелерін көтере бастаған бойда Telegram, Facebook арналарында бірден ақпараттық шабуыл басталады. Бір қызығы әкімдер айналасына блогерлерді жинап алып, тапсырыспен депутаттарға тиіседі.

Реклама
Реклама

Біз заң қабылдайын деп отырмыз, бұл бәріне қатысты мәселе. Осындай кибершабуылдарды сіздер бұғаттай алмасаңыздар, бұл заңның қандай қажеттілігі бар? Бұғаттай алмасақ, заң шикі болады. Сондықтан ҰҚК, ІІМ, басқа да құзырлы органдар, сіздер мұны тия аласыздар ма?", - деп ашуланды депутат.
Бұл ақпаратқа қатысты ҰҚК өкілі жауап берді.

Бүгін депутаттар онлайн платформалар қызметін құқықтық реттеуге бағытталған "Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы" заң жобасын бірінші оқылымда қарады. Атап айтқанда, онлайн-платформаларда жалған ақпарат таратуға және орналастыруға тыйым салынып, олардың иелері жалған ақпаратпен және салық төлеуден жалтарумен күресте мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыс істеуге міндеттеледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Путин Астанаға келеді
Алматыда жер сілкінді