08 маусым 2023 12:54

Депутат Альберт Рау Астанадағы су мәселесіне қатысты пікір білдірді

Мәжіліс депутаты Альберт Рау Астанадағы су мәселесіне қатысты сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжіліс депутаты Альберт Рау Астанадағы су мәселесіне қатысты сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада өтіп жатқан Халықаралық форум кулуарында журналистер депутаттан "үйіңізде су бар ма", деп сұрады.

Реклама
Реклама

"Шынымды айтсам, иә бар", - деп мойындады мәжілісмен. Ол кеше әкімнен "аздап шыдамдылық таныта" тұруын өтінген сәлемін алғанын айтты.

"Кеше қала әкімінен "аздап шыдай тұрыңыздар, бірінші кезеңі іске қосылады" деген сәлемдеме алдым. Жеңіске (Астана әкімі Жеңіс Қасымбек - еск.) сұрағым жоқ. Біз осының бәрі оған артылғанын түсінуіміз керек. Қаланың өсу қарқыны, инфрақұрылымның үлгермеуі әлсіз болса да ақтауға дәлел" - деп түсіндірді Рау.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram