21 желтоқсан 2022 | 15:06

Депутат Алматы әуежайының тарихи терминалы ғимаратын бұзуға қатысты мәселені көтерді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: "Аэропорт- круглый стол" тобынан

Мәжіліс депутаты Константин Авершин Алматы әуежайының VIP-терминалы ғимаратын бұзудың заңдылығын тексеруге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мәжіліс депутаты Константин Авершин Алматы әуежайының VIP-терминалы ғимаратын бұзудың заңдылығын тексеруге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс депутаты бас прокурор Берік Асыловқа жолдаған депутаттық сауалында түркиялық TAV Airports Holding-ке сатылған Алматы әуежайында жүргізіліп жатқан реконструкция жұмыстары халық наразылығын тудыратынын атап өтті. Әңгіме 1936 жылы салынған, сәулет ескерткіші ретінде танылған ескі әуежай ғимараты туралы болып отыр.

"Тағы бір рет қайталап айтамын, TAV Airports Holding компаниясының жасап жатқаны - бұл сәулет ескерткішін көшіру емес, оны бұзу. Бұл Джоконданың портретін өртеп, оның орнына принтерде басып шығарылған фотокөшірмені ұсынумен бірдей", - деді Константин Авершин.

Реклама
Реклама

Депутат шетелдік инвестор тек пайданы көздеп, тарихи мұраға немқұрайды қарайды деп есептейді.

Авершин TAV Airports Holding компаниясының ескі әуежай ғимаратын бұзуының заңдылығын тексеруге, сәулет ескерткішін бұзуға рұқсат алудың заңдылығын тексеруге, мемлекеттік қадағалау органдары тарапынан тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау және пайдалану туралы заңды бұзған адамдарға қатысты тиісті шаралар қабылдауға шақырды.

Еске салайық, TAV Airports Holding түрік компаниясы Алматы әуежайын 2021 жылы сатып алған. Қазір жаңа халықаралық жолаушылар терминалының құрылысы жүріп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная