29 қаңтар 2021 | 12:31

Депутат алтын төсбелгілерге қатысты пікір білдірді

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым миллион теңгенің төсбелгісіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым миллион теңгенің төсбелгісіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жақында қазақстандықтар Мәжіліс депутаттарының төсбелгісіне қатысты ақпаратты естіді. Біреуінің бағасы 330 мың теңге. Жалпы ол миллион теңге. Бұған қатысты пікір білдіре аласыз ба?", - деп сұрады журналист Антикоррупция коллегиясының кулуарында. 

Реклама
Реклама

"Маған ол жезден жасала ма, әлде алюминийден жасала ма - маңызды емес. Шыны керек, бұл сұрақ қайдан шыққанын білмеймін, себебі бұл қалыптасып қалған практика. Төсбелгіні көрдім, ол шынында алтын. Мен тек алтынның бағасына сүйеніп айтып отырмын, себебі соңғы кездері оның бағасы қымбаттап кеткен. Бәлкім сонымен байланысты болуы мүмкін. Егер сол іспен айналысатын мамандар, төсбелгіні жасайтындар болса, олар алтынның құнын, ақша сарайының адамдары біледі және олар менен де жақсы есептей алады. Мен үшін, шыны керек, айырмашылығы жоқ. Бұл кедергі де келтірмейтін, көмектеспейтін де атрибут", - деді Айдос Сарым. 

Сонымен қатар, журналистер депутаттан "олар төсбелгіні жоғалтып алған жағдайда не істейтінін" сұрады. 

"Жоғалтпау керегін айтты. Себебі жоғалтып алсақ, оны өз қаражатымызға қайтадан жасату керек болады. Сондықтан мұқият болуға тырысамыз", - деді депутат. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная