Депутат Базарбек 20 миллион теңге жалақыға қатысты сөзін түсіндірді

Дина Шарипханова Корреспондент

Мәжіліс кулуарында депутат Бақытжан Базарбектен "20 миллионға татитын жұмыс істеп жүрмін" деген сөзі туралы сұралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс кулуарында депутат Бақытжан Базарбектен "20 миллионға татитын жұмыс істеп жүрмін" деген сөзі туралы сұралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжілісменнің айтуынша, әңгіме оның атқарып жүрген жұмыс көлемі жайында болған:

"Мен заң талап еткеннен әлдеқайда көп күш салып, жұмыс істеймін. Жиырма есе көп. Мүмкін, отыз есе көп. Мен Жоғарғы аудиторлық палатаның, Жер ресурстары комитетінің, Су ресурстары және ирригация министрлігінің, Экология министрлігі мен экологиялық инспекцияның тексерістеріне бастамашы боламын. Мемлекеттік органдардың өзі істеуі керек жұмысқа, іс жүзінде оларды мәжбүрлеймін", - деді Базарбек.

Реклама
Реклама

Парламентарий мұндай әрекеттер оның функционалдық міндеттеріне кірмейтінін атап өтті, алайда Базарбектің айтуынша, мемлекеттік органдар өз міндетін орындамағандықтан, оған айналысуға тура келеді.

Еске салайық, 8 қыркүйекте Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек парламент мүшесі ретіндегі өз міндетін 20 миллион теңге жалақыға атқарып жүргенін мәлімдеген еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама