Депутат БЖЗҚ-ның Әзірбайжандағы проблемалық банктегі инвестициясына қатысты пікір білдірді

© Tengrinews.kz

?Р Парламенті М?жілісіні? депутаты Омархан ?ксікбаев БЖЗ?-ны? ?зірбайжанны? проблемалы? банкіндегі инвестицияларына ?атысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Омархан Өксікбаев БЖЗҚ-ның Әзірбайжанның проблемалық банкіндегі инвестицияларына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Барлығын мұқият әрі терең зерттеу керек болған шығар. Қазір мен ештеңе айта алмаймын, себебі сандарға қатысты мәлімет менде жоқ. Әрине, мұнда олар сақтандыру мәселелерін қарастырмаған болса, бұл ақша жоғалып кетті деген сөз. Сондықтан бұл біздің қор үшін тікелей зиян келтіреді. Сондай-ақ, ол біздің салымшыларға да әсер етеді", - деді ол журналистерге.

Еске сала кетейік, осыған дейін сарапшы Рахым Ошақбев БЖЗҚ-ның инвестициялауына қатысты пікір білдірген еді. Оның айтуынша, БЖЗҚ активтерінің 71,3 миллиард теңгесі Әзірбайжанның халықаралық банкіне салынған. "Осылайша, зейнетақы активтерінің сақталуына қатысты үлкен қауіптер пайда болуы мүмкін", - деген еді сарапшы.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама