17 қазан 2022 | 12:25

Депутат Қазақстандағы жол сапасын сынады

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Мәжіліс депутаты Альберт Рау Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың Қазақстанда республикалық маңызы бар жолдардың 90 пайызы және жергілікті маңызы бар жолдардың 80 пайызы жақсы жағдайда деген баяндамасын сынға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мәжіліс депутаты Альберт Рау Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың Қазақстанда республикалық маңызы бар жолдардың 90 пайызы және жергілікті маңызы бар жолдардың 80 пайызы жақсы жағдайда деген баяндамасын сынға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Елдегі автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 96 мың шақырым, оның 25 мыңы - республикалық маңызы бар, 71 мыңы - облыстық және аудандық маңызы бар жолдар. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біздің алдымызда 2025 жылы республикалық желі бойынша нормативтік жағдайдағы жолдардың үлесін 100 пайызға, жергілікті желі жолдары бойынша 95 пайызға жеткізу міндеті тұр. Бүгінде нормативтік жағдайда республикалық желі жолдарының 90 пайызы, жергілікті желі жолдарының 80 пайызы", - деді Өскенбаев Мәжілістегі Үкімет сағатында.

Альберт Рау бұл мәселеде бұрын мәжілісмендер өздерінің депутаттық сауалдарында көтерген, сондай-ақ азаматтар шағымданып жүрген күмәнді жайттар бар екенін айтты.

Реклама
Реклама

"12 мың шақырымға жуық республикалық автожолдарды салу және реконструкциялау қажет. Бұл республикалық маңызы бар жолдардың 50 пайызға жуығы. Біз 90 пайызға жақындадық десек те, дүниежүзілік экономикалық форумның рейтингісінде жол сапасының көрсеткіші бойынша әлемнің 141 елі арасында 93-орында тұрмыз. Кения мен Танзания бізден жоғары", - деді депутат Альберт Рау.

Сонымен қатар, ол Қарағанды-Успенка-Ресей шекарасы автожолын қайта жаңарту және Шалқар-Бозой-Өзбекстан шекарасы автожолын салу мәселелерін атап өтті. Ал Орталық - Батыс көлік дәлізін Астана-Қорғалжын-Торғай-Ырғыз тасжолын жөндеу жұмыстары әлі басталмағанын, бірақ республикалық бюджеттен үш миллиард теңге жұмсалғанын айтты.

Рау соңғы алты жылда жолдарды жөндеуге 800 миллиард теңге бөлінгенін, биыл республикалық бюджеттен 300 миллиард теңге, ал жергілікті бюджеттен тағы 93 миллиард теңге жұмсау жоспарланып отырғанын мәлімдеді.

"ИИДМ мәліметтері бойынша, жергілікті маңызы бар жолдардың 80 пайызы қанағаттанарлық жағдайда. Алайда, жүргізілген талдау нәтижесінде жергілікті жолдардың тек 18 мың шақырымы немесе 26 пайызы асфальтбетонмен қапталған. Жолдардың сапасын бағалауды қайта қарау қажет. Содан кейін нақты мәлімет белгілі болады", - деді депутат.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная