29 қаңтар 2021 | 12:45

Депутат Мәжілістегі жалақы туралы айтты

Депутат Айдос Сарым Мәжілістегі жалақы туралы айтты. Оның айтуынша, мәжілісмендер 500-ден 800 мың теңгеге дейін айлық алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Депутат Айдос Сарым Мәжілістегі жалақы туралы айтты. Оның айтуынша, мәжілісмендер 500-ден 800 мың теңгеге дейін айлық алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен әлі білмеймін, алған жоқпын. Шынымды айтсам, тұрмыстық мәселелерге жоқпын. Бүгін тұрмыстық мәселелер бойынша отырыс болады. Жалақы қызықтырады, әрине. Бірақ әлі уақыт болған жоқ. Менің әкем ауырып қалды, Алматыда ұзақ уақыт болдым, сондықтан тұрмыстық мәселелермен айналысуға уақыт болмады, үлгермедім. Шамамен қанша болатыны айтылды. Менің ойымша, 500 мыңнан 800 мың теңгеге дейін. Бұл еңбек өтіліне, ғылыми дәрежесіне байланысты.

Шамамен солай, ол үшін профессор болу керек (шамамен 800 мың теңге алу үшін. - ескерту). Мемлекеттік қызметте 30 жыл жұмыс істеу, генерал болу, атаққа ие болу және тағы басқа. Менде мұндай болмағандықтан маған қатысы жоқ", - деді Айдос Сарым Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіндегі алқа отырысында журналистердің сұрақтарына жауап беріп.

Реклама
Реклама

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда Парламент сайлауы 10 қаңтарда өтті. Нәтижесінде Мәжіліске Nur Otan партиясынан (76 мандат), "Ақ жолдан" (12 мандат) және Қазақстанның Халық партиясынан (10 мандат) депутаттар кірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная