13 қаңтар 2023 15:08

Депутат Назарбаев атымен аталған көшелердің атын өзгерту туралы айтты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров Қазақстанда Назарбаев атымен аталған көшелердің атауын өзгерту туралы азаматтардан келіп түскен сауалдар барын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров Қазақстанда Назарбаев атымен аталған көшелердің атауын өзгерту туралы азаматтардан келіп түскен сауалдар барын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін журналистер Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыровтан Қазақстанда Назарбаев есімімен аталған көшелер мен нысандар атауы өзгеріп-өзгермейтінін сұрады.

"Осы заңның ("Тұңғыш Президент - Елбасы туралы" Конституциялық заң) күшін жоюы - қоғам сұранысы. Өңірлерге барған кезде, әрине, белгілі бір мәселелер туындайды. Өйткені әр облыста Назарбаев атындағы үлкен даңғыл бар. Менің ойымша, бұл мәселені жергілікті деңгейде шешу керек. Атауын өзгерту үшін мәслихаттардың ресми шешімі қажет. Азаматтардың атынан келген сауалдар бар", - деді ол журналистердің сұрақтарына жауап беріп.

Реклама
Реклама

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда Тұңғыш Президент статусы туралы 20-дан аса заңға талдау жүргізілетіні хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram