ПОДЕЛИТЬСЯ
28 қаңтар 2019 | 14:33
Депутат Рау бірыңғай жиынтық төлемін онлайн жасай алмады
Мәжіліс депутаты Альберт Рау бірыңғай жиынтық төлемін жасай алмады. Онлайн түрде салық төлеу мәселесі жайлы ол үкімет сағатында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Мәжіліс депутаты Альберт Рау бірыңғай жиынтық төлемін жасай алмады. Онлайн түрде салық төлеу мәселесі жайлы ол үкімет сағатында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Жаңа жылдан бастап бірыңғай жиынтық төлем енгізілді. Оны электронды түрде төлеуге тырысқан адам бар ма? Мен талпынып көрдім. Салық комитетінің (МКК) сайтында да, eGov-та мұны істеу мүмкін емес. Кеше мен "Қазпошта" арқылы төлеуге тырыстым. Белгіше бар, бассаңыз ештеңе өзгермейді, яғни төлем жасалмайды. Біз не істеп жатырмыз? Біз бастаманың дәрежесін төмендетеміз, себебі бұл салыққа деген мағынасыз көзқарас. Менің ойымша, бұл дұрыс шешім болды", - деді мәжіліс депутаты.
Оның айтуынша, 2019 жылдың 25 қаңтарында 1 495 адам салық төлеген. "Ал біз жүздеген, миллиондаған бірыңғай жиынтық төлем жасаушылар жайлы айтып отырмыз", - деді депутат.
Қаржы министрі Әлихан Смайылов журналистердің сұрағына мұндай қиындықтар болмауы керектігін айтып, осы мәселені шешуге уәде берді.
Айта кетейік, Бірыңғай жиынтық төлемі міндетті төлемдердің төрт түріне біріктіреді: жеке табыс салығы (ЖТС), Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорына әлеуметтік аударымдар, БЖЗҚ зейнетақы төлемдері және міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру қорына аударымдар.
Астана, Алматы, Шымкент, сондай-ақ облыс орталықтары үшін төлем мөлшері бір АЕК құрайды, 2019 жылы бұл - 2 525 теңге. Қалған барлық қалалар мен елді мекендердің тұрғындары үшін - 0,5 АЕК немесе 1 263 теңге. Жылына 1 175 АЕК-тен аспайтын табыс табатын азаматтар төлейді.
Показать комментарии
Читайте также