ПОДЕЛИТЬСЯ
04 қазан 2023 | 15:18
Депутат "Самұрық-Қазынадағы" сыйақы мөлшеріне ашуланды
Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров "Самұрық-Қазынадағы" сыйлықақыға ашуланды. Парламентарийдің айтуынша, бұл ұлттық әл-ауқат қорының қызметкерлері өздерінің әл-ауқатын жақсарту үшін аянбай еңбек етіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров "Самұрық-Қазынадағы" сыйлықақыға ашуланды. Парламентарийдің айтуынша, бұл ұлттық әл-ауқат қорының қызметкерлері өздерінің әл-ауқатын жақсарту үшін аянбай еңбек етіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Депутаттың айтуынша, "Самұрық-Қазына" қорының еншілес кәсіпорны "Самұрық-Қазына Бизнес Сервис" компаниясының басшылығы компания табысынан екі есе артық сыйлықақы алған.
"Бір жыл ішінде басшы 74,9 миллион теңге, ал басшылық 274 миллион теңгені сыйлықақы ретінде алған", - деді Саиров.
Мәжілісменнің айтуынша, "Самұрық-Қазынаға" қатысы бар тағы бір компания - Kaz Cloud басшылығы бір жыл ішінде 61 миллион таза пайда тауып, 336 миллион теңге сыйақы алған. Ал "Қазақтелекомның" басқарма мүшелері әрқайсы 105 миллион теңгеден сыйақы алған.
"Қарапайым халық жарты үзім нанмен күн көріп отырғанда, бұл не деген артықшылық"? – деп таңғалды парламентарий.
Депутат компания басшылығына сыйлықақы берудің мұндай саясаты заңға сәйкес келе ме, жоқ па, соны анықтауды, "Самұрық-Қазына" қорының еншілес ұйымдарының қажеттілігін анықтауды, компанияның қаржылық саясатының ашықтығын қамтамасыз ету тетіктерін жасауды талап етті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также