ПОДЕЛИТЬСЯ
24 қазан 2024 | 12:06
Депутат ТЖМ жұмысын минус 5 балға бағалады
Бүгін Мәжілісте төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов ведомствоның ағымдағы қызметі мен даму жоспарлары туралы баяндама жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бүгін Мәжілісте төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов ведомствоның ағымдағы қызметі мен даму жоспарлары туралы баяндама жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мәселені талқылау барысында депутат Ажар Сағандықова Төтенше жағдайлар министрлігі жұмысын сынап, оны минус 5 балға бағалады.
"Әр жолы кез келген мемлекеттік органның іс-әрекетіне баға береміз, бүгін мен сіздің министрлікке баға бергім келеді. 0-ден 5-ке дейінгі шкала бойынша емес, минус шкаласы бойынша, минус 0-ден минус 5-ке дейін. Өйткені өртте адамдар өліп жатқанда, қызметкерлер өліп жатқанда, сіздің министрліктің жұмысы нөлде. Сіздердің міндет – адамдардың өмірін қорғау", - деді депутат.
ТЖМ басшысы Әріновтың айтуынша, түйткілді мәселелерге қарамастан, қызметкерлерде нәтиже бар.
"Минус 5 бағасын, әрине, қабылдаймыз. Бірақ мен туралы айтпағанда, вице-министрден бастап қатардағы қызметкерге дейін, біздің қызметкерлер, әскери қызметшілер, олар өз міндетін күні-түні орындап жатыр, менің ойымша, толық көлемде. Бұл адал қызмет етіп жатқан жігіттердің, күрескерлердің жеңісі деп ойлаймын. Сондықтан мереке қарсаңында мұндай баға алу олар үшін аса жағымды болмайды деп ойлаймын", - деді министр.
Бұған жауап ретінде депутат Сағандықова бағаны қызметкерлерге емес, Төтенше жағдайлар министрлігіне бергенін айтты.
"Сіздің жұмысыңыз, ТЖМ, адамдардың өлімін болдырмау. Сіз жергілікті жерде жұмыс істемейсіз, ал ондағы адамдарыңыз батырлар", - деп түйіндеді депутат.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также