27 қаңтар 2021 | 14:50

Депутат үкіметті бизнесмендерге өтемақы төлеуге шақырды

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Депутат Азат Перуашев пандемиядан зардап шеккен бизнесті несиелерді субсидиялау және салықтарды кейінге қалдыру арқылы ғана емес, сондай-ақ сақталған жұмысшыларға жалақы қорының жартысын өтеу, сондай-ақ жалдау және коммуналдық қызметтердің жартысын төлеу арқылы қолдау керек деген пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Депутат Азат Перуашев пандемиядан зардап шеккен бизнесті несиелерді субсидиялау және салықтарды кейінге қалдыру арқылы ғана емес, сондай-ақ сақталған жұмысшыларға жалақы қорының жартысын өтеу, сондай-ақ жалдау және коммуналдық қызметтердің жартысын төлеу арқылы қолдау керек деген пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжілісмен Үкімет отырысында Президент экономикалық қылмыстарға қарсы күрес агенттігін құруды тапсырғанын еске салды және оның мақсаты жалған кәсіпорындар мен қасақана төлемеушілермен жұмыс істеу екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл ретте елімізде осыған ұқсас мәселелермен айналысатын кемінде екі мемлекеттік орган - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және экономикалық тергеу қызметі бар.

Реклама
Реклама

"Олардың қызметі қалай дегенмен бизнесті басумен байланысты. Өткен жылы "Ақ жол" фракциясының сұрауы бойынша Бас прокуратура 16 заңсыз қылмыстық істі тоқтатты және кәсіпкерлердің заңды құқықтарын бұзғаны үшін ЭТҚ-ның 150 қызметкерін жауапқа тартты. Осыған байланысты, бизнеске қосарланған емес, үш есе қысым жасауды болдырмау үшін "Ақ жол" фракциясы аталған мемлекеттік органдардың салалары мен өкілеттіктерінің аражігін нақты ажыратуды жүргізуді, сондай-ақ олардың функциялары жаңадан құрылатын агенттіктің функцияларын қайталайтындарды жоюды талап етеді", - деді депутат премьер-министрге сауал жолдай отырып.

Депутат кәсіпкерлер сөзіне сүйеніп, "ірі сомаларды заңсыз қолма-қол ақшаға айналдыру және салықтан жалтару схемалары көбінесе бопсалау және пара алу кезінде мұндай ведомстволардағы жемқор шенеуніктердің өздері құрып, бизнеске жүктелетінін" атап өтті. Ол "жаңа агенттік осындай кемшіліктерден босатылады" деген үмітін білдірді.

Перуашев төтенше жағдай режимі енгізілгеннен бері олардың фракциясы карантин жағдайында ШОБ-ты қолдау бойынша бірнеше ондаған ұсыныс жібергенін, бірақ талаптар естілмей қалғанын айтты.

"Мыңдаған кәсіпкер іс жүзінде банкротқа ұшырады, олардың бұрынғы жұмысшылары кедейлік халіне түсті. Сауда және қызмет көрсету саласындағы кәсіпкерлермен кездесулерде олар бізге: "егер санитарлық дәрігер жұмыс істеуге тыйым салса, бізге қалай өмір сүру керегін, жалдау ақысын, коммуналдық төлемдерді, банктерге несие, адамдарға жалақы төлеуді айтсын", - дейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная