ПОДЕЛИТЬСЯ
31 тамыз 2022 | 13:06
Депутаттар Ақтөбе облысының әкімін тағайындауға келісім беруге жиналып жатыр
Ақтөбе облысының мәслихаты сайтында облыс әкімі лауазымына кандидаттарды қарауға арналған аймақ мәслихаттары депутаттарының отырысын өткізу туралы хабарландыру жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 8 маусымдағы №912 Жарлығымен бекітілген Облыс аумағында орналасқан мәслихаттар немесе республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттары депутаттарының облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімін лауазымға тағайындауға келісім беруі қағидаларының 5,6-тармақтарына сәйкес Ақтөбе облысы аумағында орналасқан мәслихаттар депутаттарының жиналысы 2022 жылғы 31 тамызда өтеді.
Күн тәртібіне енгізілетін мәселе: Ақтөбе облысының әкімін тағайындауға келісім беру", - делінген хабарламада.
Жиын мына сілтеме бойынша тікелей эфирде көрсетіледі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также